Мәжілістің жалпы отырысында Елнұр Бейсенбаевтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ол осы аптада Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалған болатын. Осыған байланысты оның Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.