homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Астанада екінші ауысымдағы сыныптар қашықтан оқуға көшірілді

11.02.2026, 11:40

Астанада ауа райының күрт нашарлауына байланысты 11 ақпанда екінші ауысымда оқитын 0–6 сынып оқушылары қашықтан білім алады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, жел күшейіп, көктайғақ болып, ауа температурасы төмендеген. Осыған байланысты қауіпсіздік шарасы ретінде бастауыш және орта буынның кіші сыныптары онлайн оқуға ауыстырылды.