homepage
Фото: olympic.kz

Михаил Шайдоров үздік бестікте

11.02.2026, 10:37

Италияның Милан қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан жарыста қазақстандық Михаил Шайдоров бесінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ол ең үздік спортшылар өнер көрсеткен соңғы топта мұз айдынына шықты. Қазылар алқасы оның өнерін 92,94 ұпаймен бағалады.

Бірінші орынды АҚШ өкілі Илья Малинин иеленіп, 108,16 ұпай жинады. Ол бағдарлама барысында кері сальто жасады. Екінші нәтиже жапониялық Юма Кагиямаға тиесілі – 103,07 ұпай. Үшінші орын француз спортшысы Адам Шио Хим Фаға бұйырды – 102,55 ұпай. Төртінші сатыға Италия намысын қорғаған Дэниел Грассл жайғасты – 93,46 ұпай.

13 ақпанда спортшылар еркін бағдарламада өнер көрсетеді. Жарыстың қорытындысы сол күні белгілі болады.