Канададағы Британиялық Колумбия провинциясында болған қарулы шабуыл салдарынан тоғыз адам мерт болды. Бұл туралы Juzmedia.kz BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті полицияның дерегінше, жеті адамның денесі мектеп ғимаратынан табылған. Тағы екі адам жеке үйден анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасады деген күдікті өзіне қол жұмсаған. Канаданың Корольдік полициясы 27 адамның жараланғанын мәлімдеді. Олардың екеуінің хәлі ауыр.
Бұған дейін кейбір канадалық басылымдар атысты әйел адам жасауы мүмкін деген болжам таратқан. Алайда полиция күдіктінің кім екені туралы әзірге нақты ақпарат бермей отыр.
Корольдік атты полицияның басшысы Кен Флойд оқиғаның өте қысқа уақыт ішінде өрбігенін айтады. Оқиға болған Тамблер-Ридж қаласы Ванкуверден солтүстікке қарай 1100 шақырымнан аса қашықта орналасқан.