Шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Денис Никиша Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындары аясында іріктеу кезеңінен өте алмады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Өзінің төртінші Олимпиадасына қатысып жатқан спортшы жарысты 1000 метр қашықтықтан бастады. Іріктеу жарысында Денис Никиша үшінші болып келді. Ал келесі кезеңге тікелей шығу үшін алғашқы екі орынның бірін алу қажет еді.
Сонымен қатар өз жарысында үшінші орын алған спортшылардың ішінен ең үздік төрт атлетке келесі айналымға жолдама берілді. Осы мүмкіндік арқылы Денис Никиша жарыстар толық аяқталғанға дейін ширек финалға шығу үмітін сақтағанымен, қорытынды есепте 1/4 финалға өте алмады.
Денис Никишаның негізгі әрі мықты қашықтығы – 500 метр.