homepage
Фото: totalarch.com

Астанада өнеркәсіптік альпинист 9 қабаттан құлап кетті

10.02.2026, 16:15

Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінің шатырынан өнеркәсіптік альпинист құлап кетті деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оқиға дүйсенбі, 9 ақпанда Бұхар жырау көшесінде болған. 1997 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді, қазір оның жағдайына қатысты мән-жай анықталып жатыр.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша тексеру басталған.

Ал құрылыс компаниясы BI Group өкілдерінің айтуынша, оқыс жағдай шамамен сағат 16:00-де терезе жуу кезінде болған. Алдын ала дерек бойынша, жұмысшы 9-қабат деңгейінде тепе-теңдігін жоғалтқан, ал түсуге дайындық кезінде сақтандыру жүйесі бекітілмеген болуы мүмкін.

Компанияның баспасөз қызметі жедел жәрдемнің 10 минут ішінде келгенін хабарлады.

«Зардап шеккен азаматқа операция жасалды, ол есін жиды. Қазіргі таңда еңбек инспекциясының қатысуымен тексеру жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді компания өкілдері.