homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Тоқаев Самұрықтың кофе, шәй ішіп зерігіп жүретін қызметкерлерін сынады

10.02.2026, 15:12

“Самұрық-Қазына” құрамындағы компаниялардың құрылымын түбегейлі қайта қарап, жаңа заманға бейімдеу керек. Әйтпесе, қосшыдан басшы көп. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қ.Тоқаев ұлттық әл-ауқат қорының жұмысына көңілі толмайтынын ашық айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

“Басшылық құрамы ел айтып жүргендей «сол жағалаудың» адамдарына толып қалған. Ондағы әрбір қызметкер пайдалы іспен айналысып отырған жоқ. Түскі уақытта олар қонақүйлерде пікір алмасып, шай ішіп, кофе ішіп отырады. Зерігіп жүріп нтернетте отырады, тіпті күмәнді пікірталастарға да қатысады. Ашық айтсам, мұның соңы жақсылыққа апармайды», – деді Президент. 

Осы жылдың басында ​Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорында басшылық қызметке орналасқаны хабарланған болатын.