homepage
Фото: Ақорда

Тоқаев шенеуніктерді «көбірек оқуға» шақырды

10.02.2026, 13:08

Мемлекетті жазалаушы менталитеттен арылтатын кез келді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қ.Тоқаев айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Президенттің паймынша салық органдары мен салық төлеушілер арасында сенім жоқ. Оны орнату қажет. Президент бұл жайында өзінің сұхбатында да, Ұлттық құрылтай отырысында да айтқанын, бірақ оның бұл сөзін ешкім жете түсінбегеніне налыды. 

"Бұл жөнінде жақында "Turkistan” газетіне берген сұхбатымда айттым. Үкіметтің кейбір мүшелерімен әңгімеден ұққаным, оны бәрі бірдей ықылас қойып оқымаған секілді. Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысындағы сөзімді де толық түсінбегендеріңіз байқалады. Интернет ұзақ мәтіндерді оқудан алыстатты. Оның үстіне кітаптар мен мақалаларды оқымай-ақ, мазмұнын тыңдай салатын мүмкіндік пайда болды. Бірақ бұл мемлекеттік қызметкерлерге жараспайтын әдет. Оқу керек. Әйтпесе, зейнет жасына жеткен кезде, ойлану қабілетінен айырылып қаласыздар”, – деді ол.