Дәл қазір Қ.Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Президент инфляцияны шұғыл төмендетуді тапсырды.
“Инфляцияның не себепті жоғары болып тұрғаны белгілі, кеселдің себебі анықталды. Енді осы мәселені шешу керек. Бірақ ұсынылатын шаралар елдің дамуына кері әсерін тигізбеуі қажет. Дәл осы тұста түрлі пікір айтылып жатыр. Үкімет пен Ұлттық банкке бірлесіп нақты іс-қимыл алгоритмін әзірлеуді тапсырамын. Осы маңызды жұмысқа барлық мекеме өкілдері мен сарапшылар қатысуға тиіс.
Президент биылдан бастап үш жыл қатарынан инфляцияны төмендету үшін нақты шаралар қабылдау керек дей келе, үкімет мүшелеріне бос сөзді қойып, іске кірісіңдер деп
"Мәселені шешудің орнына бос сөзді көбейтіп, қажетсіз "жол карталарын” әзірлеу – жауапкершіліктен қашу деген сөз. Алдын ала ескерту: ондай жағдайда қатаң шара қолданылады. Халықтың табысы артса ғана, нақты нәтижеге қол жеткіздік деп санауға болады” деді ол.