АҚШ пен Армения бейбіт атом саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келді. Құжатқа Ереванда АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян қол қойды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Келісім аясында АҚШ Арменияға шағын модульдік реакторлар жеткізуді жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны 9 миллиард долларға бағаланады. Оның 5 миллиард доллары реакторларға арналған жабдықты жеткізуге, қалған бөлігі ядролық отынмен қамтамасыз етуге және реакторларға қызмет көрсету жөніндегі келісімшарттарға бағытталмақ.
Пашинянның айтуынша, бұл келісім қауіпсіз әрі инновациялық технологияларды енгізу арқылы елдің энергетикалық ресурстарын әртараптандыруды көздейді.
Айта кетейік, АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Арменияға 9 ақпанда ресми сапармен барған.