homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Димаштың шоуы Қытайда рекордтық рейтингпен көш бастады

10.02.2026, 10:54

Қытайда Димаш Құдайберген қатысқан музыкалық жобаның алғашқы шығарылымы теле­рейтингтерде бірінші орынға шықты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Voice Beyond Horizon» атты жаңа музыкалық жобаның дебюттік эпизоды Қытайдың медиа кеңістігінде үлкен резонанс тудырған. Қазақстандық өнерпаз бұл жобада орындаушы продюсер ретінде өнер көрсетті.

Стриминг платформаларындағы тікелей көрсетілімдердің жиынтық көрілімі 102 миллионнан асып, әлеуметтік желілерде жобаға қатысты 143-тен астам қызу талқыланған тақырып қалыптасты.

Артистің ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, алты елден келген сегіз орындаушы мен жобаның бастамашысы Димаш Құдайбергеннің әсерлі өнері арқылы әлем Ұлы Жібек жолының симфониясын есту мүмкіндігіне ие болды.