homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Рамзан Қадыров ұлының жол апатына қатысты пікір білдірді

10.02.2026, 10:34

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров ұлының жол-көлік оқиғасына қатысты тараған ақпаратқа алғаш рет пікір білдірді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ол Шешенстан прокурорымен кездесу кезінде бұл мәліметтің барлығын әдейі таратылған жалған ақпарат деп атады. Қадыровтың айтуынша, қазір жасанды интеллект арқылы кез келген адамды адастыруға болады.

«Ел бойынша 128 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді, 13 009 адам қаза тапты. Бірақ соның ешқайсысы ешкімді қызықтырмайды, ешкім айтпайды. Ал қайдан шыққаны белгісіз, ұлыма қатысты жол апаты туралы әдейі таратылған жалған ақпарат бірден әлемдік жаңалықтардың алғашқы қатарына шықты», — деп кейіді ол.