homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Шымкентте пәтерден бір отбасының мәйіті табылды

10.02.2026, 10:11

Шымкенттегі Шығыс шағынауданындағы пәтерлердің бірінен бір отбасының үш мүшесінің мәйіті табылды. Құтқару қызметін көршілер шақырған, олар пәтер тұрғындарының ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпағанын және есік ашпағанын айтқан деп хабарлайды Juzmedia.kz Otyrar-ға сілтеме жасап

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 8 ақпан күні сағат 16:36-да 112 нөміріне хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы жіберіліп, есік ашылғаннан кейін пәтер ішінен үш адамның мәйіті анықталған. 

Қазір тиісті қызмет өкілдері жұмыс жүргізіп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Алдын ала дерек бойынша, қайғылы жағдайға табиғи газдан улану себеп болуы мүмкін. Зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті тергеу және процессуалдық шаралар жүргізілуде. Қорытынды шешім сараптама нәтижелерінен кейін белгілі болады.