homepage
фото: ашық дереккөзден

БАҚ: Нұрлан Сабыров Ресей әскеріне бірнеше мотоцикл сыйлаған

09.02.2026, 17:43

Желіде Нұрлан Сабыровтың Ресей әскерін қолдап, 10 мотоциклді өз атынан сыйға тартқаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Видео 2025 жылдың жазында Истра округі ресурсында жарияланған деседі. Видеоны ЖИ өнімі дегендер бар, алайда оқиға шын мәнінде болғанға ұқсайды. Ресейлік “Важные истории” сайтына әзілкештің танысы Ресейдің Қауіпсіздік қызметі Сабыровқа серіктестік ұсынғанын айтқан. Ол бас тартқан сәтте не майданға барасың, не елден кетесің деп шарт қойған деседі. 

Қазақстандық әзілкеш “Все для победы” қорына 2 млн рубль (10 млн теңге) аударған. Бірақ, бұл сыйлық та Сабыровты құтқармаған секілді. РФ аумағына кіруге 50 жылға шектеу қойылған ол қазір Алматыда деген дерек бар.