Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 11 ақпанда Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерді талқылайды. Бұл туралы NBC News-ке сілтеме жасап Juzmedia.kz хабарлайды.
Нетаньяху кеңсесінің мәлімдеуінше, Израиль тарапы кез келген келіссөз Иранның баллистикалық зымырандарды қолдануын шектеу және Иран одағына кіретін күштерге қолдауды тоқтату мәселелерін қамтуы тиіс деп санайды.
АҚШ пен Ислам Республикасы Иран жұма күні Оманда жанама келіссөздер өткізген. Дональд Трамп бұл кездесулерді «өте жақсы өтті» деп бағалап, жаңа кездесулер жоспарланғанын айтты.
АҚШ-тың жақын одақтасы Израиль Иран ядролық қару жасап жатыр деп есептейді және оның бағдарламасын тоқтатуды талап етеді. Ал Иран өз ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатта екенін алға тартады. Сонымен қатар Израиль Иранның баллистикалық зымыран бағдарламасына және аймақтағы қарулы топтарды қолдауына қарсы.