Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытжан Базарбек ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың тиімділігіне қатысты Жоғарғы аудиторлар палатасының тексеру қорытындысын «саладағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы есеп» деп атады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оның айтуынша, субсидия жұмыс істемейтін фирмаларға, банкротқа ұшырағандарға, жалған кәсіпорындарға, тіпті қайтыс болған адамдарға да берілген. 254 млн теңге сомасына 148 өтініш бойынша кәсіпкерлік субъектілері таратылды.
«Менің ойымша, субсидия беру мәселесі құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында болуы керек», - деді Базарбек.
Сондай-ақ ол Алматы және Түркістан облыстарында субсидия көлемі мал басынан асып түскенін хабарлады.
«Субсидия ұрлығының ақылға қонымсыздығы соншалық, жасы 1 299 ай деп көрсетілген малды субсидиялау дерегі анықталған, бұл сиырдың туған күнінен бастап 108 жыл өткен деген сөз, яғни 1914 жылдың 6 наурызында туған деп көрсетілген. Яғни, Яғни, әкімдіктер Амангелді Иманов көтерілісі басталардан екі жыл бұрын, бірінші дүниежүзілік соғыс шағында, Қазан төңкерісіне дейін үш жыл бұрын туған сиырға субсидия берген. Субсидия жұмыс істемей тұрмаған фирмаларға, банкрот болғандарға, жалған мекемелерге, тіпті қайтыс болған адамдарға берілген", – деді депутат.
Бақытжан Базарбектің айтуынша, құқық қорғау органдары субсидия мен тыңайтқыш беру мәселесіне жіті назар аударған жөн.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.