homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 95 жыл

09.02.2026, 16:11

Бүгін, 9 ақпанда, қазақ халқының ұлы ақыны, сөз өнерінің биік шыңына көтерілген Мұқағали Мақатаев еске алынады. Ол адам жанының ең нәзік иірімдерін, шынайы сезім мен рухани күйді терең жеткізе білген ақын ретінде ел жадында қалды.

Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі соғыста қаза тауып, болашақ ақын ерте жастан ауыл тұрмысының қиындығын, ауыр еңбектің тауқыметін көріп өсті.

Ол қазақ лирикасын жаңа деңгейге көтерді. Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы, «Сарыжайлау», «Үш бақытым», «Мен таулықпын» өлеңдері – ұлттық поэзияның алтын қорына енген шығармалар. Сонымен қатар Мұқағали Мақатаев Уильям Шекспирді, Данте Алигьериді, Уолт Уитменді қазақ тіліне аударып, әлемдік әдебиетті қазақ оқырманына жақындатты.