Әлеуметтік желіде Семей қаласында түсірілген видео тарады. Кадрдан Абай облысы прокуратурасы ғимараты деп көрсетілген нысанның терезе алдындағы тақтайшасында алкоголь ішімдіктерінің бос бөтелкелері тұрғаны байқалады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бейнежазбаны көшеден өтіп бара жатқан тұрғын түсіріп алған көрінеді. Осы жағдайға байланысты Абай облысы прокуратурасы қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.
«Видеожазбаның таралу фактісі бойынша Абай облысы прокуратурасы қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Тексеру қорытындысы бойынша кінәлі тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі шешіледі», – деп мәлімдеді облыс прокуратурасы.