homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

09.02.2026, 13:39

Шымкент қаласында полиция жергілікті кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалаудың жолын кесті деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тергеу барысында күдіктінің қоғамдық тамақтану орнына бірнеше рет келіп, нысанды бейнежазбаға түсіріп, кейін иесіне қысым көрсеткені анықталған. Ол түрлі уәкілетті органдар тарапынан «тексеру ұйымдастырып», бизнесті жаптырамын деп қорқытқан.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мәліметінше, күдікті кәсіпкерден 20 миллион теңге талап еткен.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.