homepage
Фото: zakon.kz

Қонаевта боран соғып, шатыр ұшып, жарық өшті

09.02.2026, 12:33

8 ақпаннан 9 ақпанға қараған түні Қонаев қаласында болған қатты боран салдарынан тұрғын үйлердің шатыры ұшып, жарық өшңп, ағаштар құлады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, түнгі уақыттан бастап коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп, құлаған ағаштар мен конструкцияларды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр, бұл жұмыс әлі де жалғасуда.

Бірқатар шағын ауданда электр жарығы өшкен, қазіргі уақытта оны қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қауіпсіздік мақсатында қаладағы 1–11-сынып оқушылары түгелдей қашықтан оқуға көшірілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қала әкімі Асхат Бердіханов зардап шеккен тұрғындар анықталған жағдайда заң аясында көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Әкімдік тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, әсіресе үйлердің шатырларына жақын жүрмеуге шақырды.