homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Сара Назарбаева ауруханадан шықты

09.02.2026, 11:55

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева қаңтар айында Алматыдағы Президент Істері басқармасының Ұлттық госпиталінен (халық арасында «Совминка» деп аталатын) шығарылған. Бұл туралы мекеме әкімшілігі Informburo.kz редакциясына берген жауабында хабарлады.

Бұған дейін Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның 2025 жылдың сәуір айында «Совминкаға» жатқызылғанын айтқан еді. Сол уақытта бейресми дереккөздер мен кейбір БАҚ-та оның денсаулығы мен қайда жатқанын туралы әртүрлі ақпарат тараған болатын.

Клиниканың баспасөз қызметі Сара Алпысқызының қазіргі диагнозы мен жағдайы туралы мәліметті дәрігер құпиясына жатқызып, қосымша ақпарат беруден бас тартты.