Астана қаласының прокуроры болып Ғабит Мұқанов тағайындалды. Ол 2021 жылдан бері Шымкент қаласының прокуроры қызметін атқарған деп хабарлайлы Juzmedia.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Ғабит Мұқанов әр жылдары Алматы облысы Талғар ауданының, Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры, сондай-ақ Астана қаласы прокуратурасының аппарат басшысы болған.
Ғабит Мұқанов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
Ал Шымкент қаласының прокуроры болып Елдос Сағиев тағайындалды.