Шымкент қаласының прокуроры ауысты деп хабарлайды Бас прокуратура.
Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Елдос Әлиханұлы Сағиев Шымкент қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.
Бұған дейін бұл лауазымды Ғабит Мұқанов атқарған.
Елдос Сағиев прокуратура органдарындағы қызметін Ақмола облысы Шортанды ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған. Әр жылдары Қарағанды облысындағы экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінде, Қостанай және Маңғыстау облыстарындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаменттерінде, сондай-ақ Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
2022 жылғы тамыздан бері Бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметін басқарды.