homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Депутат Бейсенбаев Ақордадан шақырту алды

09.02.2026, 10:09

Тоқаев Мәжіліс депутатын Ақордаға шақырды. Мемлекет басшысының өкімімен депутат Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда. 

Елнұр Бейсенбаев 2021–2023 жылдары VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты болып, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамында жұмыс істеді.

Сондай-ақ Amanat партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарды.

2023 жылғы 28 наурыздан бастап партиялық тізім бойынша VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болып сайланды.