homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

13 жастағы баланы көлік қағып, қайтыс болды

09.02.2026, 10:33

Павлодар қаласында 6 ақпан күні кешке «Яблонька» бау-бақша серіктестігі маңында жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан 13 жастағы жасөспірімді көлік қағып, бала ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Марқұмның туыстары оқиға куәгерлерін және бейнежазбасы бар жүргізушілерді іздеп отыр. Олардың айтуынша, бір көлік баланы өткізу үшін тоқтаған, ал кроссовер тізгіндеген жүргізуші қағып кеткен. Жүргізуші ұсталды.

Оқиғаны өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенева растады. Оның сөзінше, бұл аумақ — республикалық маңызы бар тасжолдың бөлігі және жаяу жүргіншілер үшін қауіпті. Тұрғындар мұнда батырмалы бағдаршам орнатуды талап етіп келгенмен, әлі орнатылған жоқ. 

Полиция дерегінше, JAC маркалы көлік жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.