homepage
Фото: ТЖМ баспасөзі

Қапшағайға көлік батып кетті

07.02.2026, 12:12

Қапшағай су қоймасы аумағында мұз үстімен келе жатқан жеңіл автокөлік кенеттен опырылған мұз астына түсіп кетіп, суға батқан. Оқиға кезінде көлік ішінде екі әйел болған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің жасағы шұғыл жеткен. Құтқарушылар жұқа мұзда жұмыс істеуге арналған арнайы құралдарды қолданып, ішіндегі екі әйелді аман-есен сыртқа шығарып алды. Құтқарылғандар жағаға жеткізіліп, сол жерде медициналық көмек көрсетілді. Олардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрақсыз ауа райы кезінде мұз үстімен көлікпен жүрудің аса қауіпті екенін еске салып, азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.