Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева Астана мен Алматы арасындағы жолаушылар рейсінде көзге түсті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы блогер Әлішер Елікбаев жазды. Ол Дариға Назарбаеваны Астана – Алматы бағыты бойынша тұрақты рейсте, бизнес-класста көрген.
«Тұрақты рейстермен ұшпайды деп ойлайтынмын. Ұшақ көтерілгенде ұйықтап кеттім де, қонуға жақындағанда оянсам, қасымда Дариға Нұрсұлтанқызы отыр екен. Қасында менің бойымдай, бірақ екі есе ірі күзетшісі бар», — деп жазды Елікбаев.
Жазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Айта кетейік, Дариға Назарбаева 2020 жылы Сенат төрағасы қызметінен кеткен. Ал 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан соң саяси сахнадан мүлдем көрінбей кетті.