homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Дэвис кубогы: Бублик қарсыласын қапы қалдырды

06.02.2026, 18:01

Астанадағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында Дэвис кубогы Бірінші әлемдік тобы аясында Қазақстан мен Монако құрамалары арасындағы плей-офф кездесуі басталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Матчтың шымылдығын Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингтің алғашқы ондығындағы Александр Бублик пен Монако өкілі Уго Нис ашты.

Кездесудің алғашқы сетінде Бублик толық басымдық көрсетіп, қарсыласын 6:0 есебімен ұтты.