Бүгін 6 ақпан Пәкістан астанасы Исламабад қаласында теракт болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, жанкешті өзін-өзі жарып жіберген. Ол шиит мешітінің кіреберісінде тоқтатылған сәтте жарылғыш құрылғыны іске қосқан, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жарылыс салдарынан 24 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланған. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Пәкістан билігі қауіпсіздік шараларын күшейткенін хабарлады.