homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

ҚР СІМ Нұрлан Сабыровқа қатысты мәлімдеме жасады

06.02.2026, 17:16

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабыровқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Министрлік таратқан хабарламада:

«Қазақстан Республикасының азаматы Н. Сабыровқа қатысты ол немесе оның заңды өкілдері Ресейдегі Қазақстан елшілігіне жүгінгенбегенін хабарлаймыз», — делінген.

Сондай-ақ, ҚР СІМ Ресей Федерациясының құзырлы органдарынан Нұрлан Сабыровтың ұсталғаны туралы ресми ақпарат түспегенін мәлімдеді.

Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғанын жазған болатын. Аталған жағдайға қатысты әзірге ресейлік мекемелер де, әзілкештің өзі де, оның өкілдері де пікір білдірген жоқ.