Астана әуежайы рейстер кестесінің өзгеруі мүмкін екенін ескертеді. Бұған ауа райының күрт нашарлауы себеп болып отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Алдағы тәулікте ел аумағында боран соғып, көктайғақ болады, кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні күшейеді. Осыған байланысты рейстердің ұшу және қону уақыты өзгеруі ықтимал.
Қазіргі таңда әуежайда 79 рейстің ұшып, 78 рейстің қонуы жоспарланып отыр. Қазір әуежайға қонатын он рейс, ұшуы тиіс 2 рейс кешіктіріліп жатқаны белгілі болды. Әуежай әкімшілігі жолаушыларға рейс туралы мәліметті алдын ала әуе компаниясынан нақтылап, әуежайдың онлайн таблосындағы жаңартуларды тұрақты бақылап отыруға кеңес береді.