homepage
фото: ашық дереккөзден

Жарты ғасырлық тыйым: Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровты Ресей кіргізбей қойды

06.02.2026, 15:00

Танымал қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабыровқа Ресей Федерациясының аумағына кіруге 50 жылға тыйым салынды, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

БАҚ деректеріне сүйенсек, 6 ақпанға қараған түні 34 жастағы комик Fly Dubai әуе компаниясының рейсімен Мәскеуге ұшып келген. Внукова әуежайында паспорттық бақылаудан өтер сәтінде оны бөлек бөлмеге алып кетіп, Ресейге кіруге тыйым салынғаны туралы құжатты табыстаған. Шешім 30 қаңтардан бастап күшіне енген.

Ресейлік телеграм-арналар Сабыровтың қара тізімге кіруін «арнайы операцияны» сынағанымен байланыстыруда. Әзілкештің астарлы пікірлері Кремль идеологтарына ұнамауы мүмкін. Осыған дейін Ресейдің ірі қалаларында оның бірнеше концерті түрлі себептермен өтпей қалған болатын. Ресейлік кейбір баспасөз бұл тыйымды оның Украинадағы соғыс қимылдарын сынауымен де, көші-қон және салық заңнамасын бұзуымен де байланыстырмайды. Мемлекеттік агенттіктердің мәліметінше, комик Ресейде жалпы құны 160 млн рубльден асатын мүлікке ие, ал тапқан табысын делдалдар арқылы заңдастыруға тырысқан.

Нұрлан Сабыров – Қазақстан Республикасының азаматы. Ол Ресейге 2014 жылы көшіп барып, біраз уақыттан кейін РФ-дағы ең танымал стендап-комиктердің қатарына енді. Ол VK платформасындағы ең танымал жобалардың бірі саналатын «Что было дальше?» шоуының жүргізушісі.

2025 жылдың мамырында Сабыровты Мәскеудегі Шереметьево әуежайында көші-қон есебіне тұру мерзімін бұзғаны үшін ұстаған болатын. Сол кезде Сабыров 5000 рубль көлемінде айыппұл төлеп құтылған.