25 млрд теңге шығын келтірген «Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталады. Бас прокуратура «Asar Baspana» қаржы қызметі бойынша тергеудің аяқталғанын айтты деп хабароайды Juzmedia.kz.
Тергеу дерегінше, пирамида 2023–2025 жылдары Қазақстанның барлық өңірінде тұтыну кооперативі ретінде жұмыс істеген. Іске 90 мыңнан астам азамат тартылып, олар 25 млрд теңгеден көп қаражат салған.
Жиналған ақшаның бір бөлігі бақылаудағы жеке кәсіпкерлердің шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұйымдастырушылардың жеке қажетіне жұмсалған. Қаражаттың есебі әдейі жүргізілмеген, бұл қылмыстың ізін жасыру үшін жасалған.
Іс сотқа жолданады.