Семей қаласында қоқыс контейнерінен жаңа туған қыз баланың мәйіті табылып, оқиға бойынша тергеу басталды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 3 ақпанда Әуезов полиция бөліміне қоқыс контейнерінен сүлгіге оралған нәресте табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына жедел түрде жедел-тергеу тобы келді. Алғашқы іс-шаралар барысында үй жағдайында босанған 20 жастағы қыз анықталды. Оның айтуынша, нәресте тіршілік белгілерінсіз туған», – делінген хабарламада.
Күдіктілер ұсталды. Олар баланың тірі туылмағанын, ал күйзелістен кейін осындай әрекетке барғандарын айтқан. Тергеу барысында нәрестенің мәйітін контейнерге тастаған қала тұрғыны да анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Нәрестенің мәйіті сараптамаға жіберілді. Нәтижесіне қарай оқиғаға қатысы бар екі адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі.