homepage
Фото: Ашық дереккөзден

ҰКК 20 адамды ұстады

06.02.2026, 11:37

4 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірге арнайы операция өткізді. Іс-шара бір уақытта Алматы мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Абай және Жетісу облыстарында жүргізілді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Операция нәтижесінде 20 адам ұсталды. Оның 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар қару сақтау және сату, қорқытып алу, ұрланған көліктерді заңдастыру сияқты қылмыстарға қатысы бар деп күдікке ілінді.

Тінту кезінде атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі, ірі көлемдегі ақша және басқа да айғақ заттар тәркіленді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.