homepage
Фото: ChatGPT арқылы жасалды

Алаяқ “қандастың” хикаясы

06.02.2026, 11:01

Павлодар облысында прокуратура қандастарды көшіру бағдарламасы арқылы заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтарды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тергеу кезінде Ауғанстан азаматы өзін қазақпын деп көрсетіп, жалған құжаттармен әлеуметтік төлемдер алғаны анықталды. Ол ақшаға 20 млн теңгеге пәтер сатып алған.

Сот прокуратураның өтінішін қанағаттандырып, пәтерді мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім шығарды. Қазір алаяқтық фактісі бойынша тергеу жалғасып жатыр.