Shell Қазақстандағы мұнай-газ секторына инвестиция салуды уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Бұл шешім ел билігі тарапынан ірі батыстық мұнай компанияларына қарсы қозғалған сот дауларына байланысты қабылданды. Бұл туралы Bloomberg жазды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Басылымның мәліметінше, Shell Plc компаниясының бас директоры Ваэль Саван Қазақстанның ОПЕК+ аясында шетелдік мұнай компанияларына қойған сот талаптары миллиардтаған доллар шығынға әкелуі мүмкін екенін айтқан. Осыған байланысты компания жаңа инвестициялық шешімдерді тоқтатып отыр.
Қазақстан бірқатар батыстық мұнай компаниясынан ел ішіндегі соттарда және халықаралық арбитражда өтемақы талап етіп жатыр. Биылғы айда Shell мен оның серіктестері бір дауда жеңіліп, нәтижесінде 4 миллиард долларға дейін өтемақы төлеуі мүмкін екені белгілі болды. Бұдан бөлек, күкіртті мақсатсыз пайдалану және жобаның құнына қатысты сот процестері әлі жалғасып жатыр.