Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы болып Мұхтар Қожаев тағайындалды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ержан Сәденов Шымкенттегі полиция департаментінде көшпелі кеңес өткізіп, жеке құрамға жаңа басшыны таныстырған. Ресми ақпаратта Мұхтар Қожаевтың бұған дейін ІІМ-нің Тергеу департаментін басқарғаны, ал полиция генерал-майоры ретінде басқарушылық әрі тергеу саласында мол тәжірибесі бар екені айтылған. Ол қызмет жолын тергеушіден бастап, орталық аппараттағы департамент басшысы деңгейіне дейін өткен.
Мұхтар Қожаев 1999 жылы ІІМ-нің Алматы заң институтын тәмамдаған. Қызметін Маңғыстау облысы Ақтау қалалық ішкі істер бөлімінде тонау және қарақшылық шабуылдарды тергеу тобының тергеушісі ретінде бастаған.