Алматыда көлік жүргізіп келе жатқан такси жүргізушісі кенеттен қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы сағат 11:30 шамасында Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылы, Нұр-Мүбарак мешіті маңында тіркелді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, BYD такси көлігінің жүргізушісінің жүрегі кенеттен тоқтап, көлік басқарусыз қалып, өзге автокөліктермен және №127 бағыттағы қалалық автобусқа соғылған.
Такси жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Қалалық полиция департаменті жол апатының себебі жүргізушінің денсаулығының күрт нашарлауымен байланысты екенін растады. Кейін полиция апат салдарынан өзге адамдардың зардап шекпегенін хабарлады.
Оқиға салдарынан даңғыл бойында кептеліс пайда болып, ол Ходжанов көшесіне дейін созылған.