homepage
Фото: Depositphotos.com

Келінін зорлаған қайын ата 8 жылға сотталды

05.02.2026, 16:03

Ақтөбе облысында 53 жастағы ер адам өз ұлының 22 жастағы жұбайын зорлағаны үшін сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Диапазонға сілтеме жасап.

Қылмыс туралы ақпарат әлеуметтік желілерде 2025 жылдың қарашасында тараған. Бесқопа ауылының тұрғындары күдіктінің бұрыннан ішімдікке салынғанын айтқан. Ол бұған дейін Тоқмансай кентінен ұлы мен оның жас жұбайының үйіне көшіп келген.

Оқиға келіншек үйде жалғыз қалған сәтте болған. Мас күйдегі қайын ата оған күш қолданып, жыныстық сипаттағы зорлық әрекет жасаған. Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындамағанымен, сот оның зорлау фактісін дәлелденген деп таныды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.