Жетісу және Алматы облыстарының бірқатар елді мекендерінде жер сілкінісі тіркелді. Сейсмикалық оқиғаның ошағы Қазақстан аумағында, таулы аймақта, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым қашықтықта орналасқан деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Сейсмикалық мәліметтерге сәйкес, жер асты дүмпулері бірнеше өңірде сезілген. 3 баллдық дүмпу Жаркент, Текелі, Жансүгіров және Сарқан қалаларында тіркелген.
Ал 2 баллдық тербеліс Талдықорған, Үштөбе, Қарабұлақ, Балпық би, Чунджа, Сарыөзек, Қырғызсай, Көкпек және Шелек елді мекендерінде сезілген.
Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ. Құзырлы органдар жағдайды бақылауда ұстап отыр.