homepage
Фото: ашық дереккөзден

Түркістанда алтынды заңсыз өндіргендер ұсталды

05.02.2026, 12:21

Түркістанда алтынды заңсыз өндірген топ құрықталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Тексеру барысында 12 адамның ешқандай рұқсат құжаттарынсыз, экологиялық заңнама мен өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтамай, шамамен 451 грамм алтын өндіргені белгілі болды.

Аталған деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 295-1-бабының 1 және 3-бөліктерінде көзделген белгілермен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу сотының санкциясымен бес адамға үйқамақ алынды.