Алматы қаласының прокуратурасы такси қызметін жасайтын сервистердің бірі Yandex Qazaqstan-мен арнайы келісімге келді. Енді бұл сервистер алимент төлемей жүрген адамдарды анықтауға көмектеседі деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Прокуратураның айтуынша, кейбір азаматтар алимент төлемеу үшін өзін жұмыссыз деп көрсетеді. Бірақ шын мәнінде такси қосымшалары арқылы ақша тауып жүреді. Осылайша олар табысын жасырып, баласына төлеуге тиіс қаражаттан жалтарады.
2025 жылы осындай сервистердің біріі арқылы алимент төлемеген 110 адам анықталған. Оның 57-сіне айыппұл салынған, ал 10 жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Жаңа келісімнің арқасында прокуратура мен цифрлық сервистер бір-бірімен ақпарат алмасып отырады. Бұл алименттен қашып жүрген адамдарды тезірек анықтап, балалардың ақысын өндіруге мүмкіндік береді.