5 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылады. Синоптиктер жаңбыр мен қар, көктайғақ, тұман, екпінді жел мен боран болатынын болжап отыр. Аздаған жылынудан кейін ел аумағында қайтадан күн күрт суытпақ, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Қазгидромет деректеріне сүйене отырып.
Астанада күн құбылмалы бұлтты болады, түстен кейін жаңбыр мен қар жауып, жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен соғып, екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 6–8 градус аяз, күндіз шамамен 0 градус.
Алматыда жауын-шашынсыз, бірақ түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Ауа температурасы түнде 1 градус аяз бен 1 градус жылу аралығында, күндіз 9–11 градус жылы.
Шымкентте күндіз жаңбыр жауады, жел күшейеді. Түнде 4–6, күндіз 15–17 градус жылы болады.
Ақмола облысында қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын, жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болып, тұман түседі. Жел екпіні күшейеді. Күндіз ауа температурасы 8–13 градус жылы, таулы аймақтарда салқындау.
Түркістан облысында жаңбыр жауып, таулы аудандарда жел күшейеді. Күндіз 13–18 градус жылы.
Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында аяз сақталады. Кей өңірлерде қар, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Түнгі температура кей жерлерде 25–28 градус аязға дейін төмендейді.
Солтүстік, Қостанай және Павлодар өңірлерінде қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын, боран, көктайғақ және тұман болжанып отыр. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында ауа райы құбылмалы болады: кей жерлерде жауын-шашын, кей аумақтарда тұман мен жаяу бұрқасын болады.
Қызылорда мен Жамбыл облыстарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, жел күшейеді. Күндіз оңтүстікте ауа температурасы 16–18 градус жылуға дейін көтеріледі.