homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Соғыс басталғалы 55 мың украин жауынгері қаза тапқан

05.02.2026, 10:03

Украина президенті Владимир Зеленский төрт жылға созылған соғыста 55 мың украин жауынгері қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол француздың France 2 телеарнасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Зеленскийдің сөзінше, ресми деректерде майданда қаза тапқан әскерилер мен әскерге шақырылған жауынгерлердің барлығы есепке алынған. Cоғыс салдарынан көп адам іс-түссіз жоғалып кеткен. 

Бұған дейін, 2025 жылғы ақпанда Украина басшысы америкалық NBC телеарнасына берген сұхбатында қаза тапқан украин сарбаздарының саны 46 мыңнан асқанын айтқан болатын.

Соғыс жағдайында адам шығыны туралы ресми мәліметтерді нақты тексеру қиын. Сарапшылар 2022 жылғы 24 ақпанда басталған соғыста қаза тапқандар саны жарияланған көрсеткіштен әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтып отыр.