21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтірген қылмыскердің айыбы ауырлай түсті. Бұл жайында оның адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оның сөзінше, қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағына ауыстырылды. Бұл – аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру. Бұл бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін түрмеге қамау не өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Осылайша қылмыстық іс бірден үш бап бойынша қозғалды. Олар: “Аса қатыгездікпен адам өлтіру”, “Некеге тұруға мәжбүрлеу” және “Сталкинг”.
Айта кетейік, 11 қаңтар кешке Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы, 28 жастағы Шымкент тұрғыны пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдікті арада екі күн өткенде ұсталған болатын.