Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қарындасы Әнипа Назарбаеваның компаниясы ел қазынасына салық төлемей жүр. ҚР Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше Назарбаеваға тиесілі компанияның салық органдарына қарызы 92 млрд теңгеден асып жығылады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
"2026 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша "GROUP OF THE COMPANIES TDA” ЖШС-нің бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі 92 миллиард 307 миллион 598 мың теңге”, - деп жауап берген ресми орган Tengrinews редакцияның сауалына.
Компания өзін банкрот деп тану туралы өтініш берген. Сот бұл өтінішті қарастырып жатқан көрінеді.