homepage
Фото: Ақорда

Тоқаев пен Пәкістан премьер-министрі келіссөздер өткізіп жатыр

04.02.2026, 15:24

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф шағын құрамда келіссөздер өткізді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап Juzmedia.kz хабарлайды.

Кездесу барысында тараптар соңғы жылдары Қазақстан мен Пәкістан арасындағы көпқырлы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту перспективалары қаралды.

Әсіресе сауда, көлік және логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және қаржы салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Келіссөздер аясында Мемлекет басшысының қазақ-пәкістан бизнес-форумының жұмысына қатысуы күтілетіні де айтылды.

Еске салайық, 3 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барған болатын. Президентті елорда әуежайында құрмет қарауылы қарсы алып, 21 зеңбірек залпы берілді.