Қазақстанда 2026 жылдан бастап кез келген нөмір комбинациясына тапсырыс беруге болады, бірақ тыйым салынған әріптер сақталады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда көлік жүргізушілері сұранысы жоғары, қайталанатын немесе бірдей цифрлары бар мемлекеттік нөмірлермен қатар, VIP санатына жатпайтын кез келген цифрлық-әріптік комбинацияға тапсырыс бере алады. Алайда кейбір әріп тіркестерін қолдануға тыйым сақталады. Бұл туралы Kolesa.kz жазды.
2018 жылдан бері елде Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Тілдерді дамыту комитетінің шешімімен мемлекеттік нөмірлерде қолдануға болмайтын әріптік комбинациялар тізімі бекітілген. Аталған тіркестер сөйлеу мәдениетіне жат, айтуы мен оқылуы жағымсыз деп танылған.
2026 жылдың басындағы жағдай бойынша, Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жеке тұлғаларға мынадай әріптік белгілеулері бар мемлекеттік нөмірлерді беруге тыйым салынған:
GEI, GEY, GAY, JID, GON, GAD, CON, QUM, GOD, EBI, EPT, IIM, ISK, GOS, IIN, QYS, JUN, BOQ, SIK, SYK, QOR, QAS, QOI, JOI, JYN, HUI, XUI, HUY, HYI, XUY, QUL, QAN, JUT, QYQ, TYQ, JMI, GAI, VOR, BOP, FUK, FAK, FUC, FAC, LOH, LOX, IOX, IOH, COX, KOX, AAM, AMM, BOK, CEX, FBP, FBR, HER, KAL, KOT, MAL, OON, SOR, SOP, SOS, SEX, USA, XER, XYE, ZEK.
Айта кетейік, қазіргі таңда әдеттегі бос мемлекеттік нөмірді таңдау үшін 2,8 айлық есептік көрсеткіш, яғни 12 110 теңге төленеді. Ал VIP-нөмірлердің құны 15 пен 285 АЕК аралығында, нақтырақ айтқанда 64 875 теңгеден 1 232 625 теңгеге дейін барады.