Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова Мәжіліс кулуарында елде ет бағасының жоғары болуына бірнеше фактор әсер етіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Вице-министрдің сөзінше, нарыққа айтарлықтай ықпал етіп отырған негізгі факторлардың бірі – көршілес Өзбекстандағы сұраныстың күрт артуы. Бұған дейін әртүрлі себептермен ол елде ет тұтыну деңгейі төмен болған, ал қазір сұраныс едәуір өскен.
“Географиялық жағдайына байланысты Өзбекстан Қазақстан секілді көлемде мал өсіре алмайды. Соның салдарынан ол жақта ет бағасы қымбаттап отыр, ал ең жақын әрі қолжетімді жеткізуші – Қазақстан. Бұл өзбек тарапының қазақстандық өнімді белсенді түрде сатып алуына әкелді, – деді Жанель Кушукова.